
Бүгін Қарағанды облысының құтқарушылары арасында Астана күніне арналған шағын футболдан турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты-өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, дене шынықтыруды жан-жақты арттыру, қызметкерлерді қызметке қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді қалыптастыру.
Спорт сарайына облыстың ТЖД бөлімшелерінен 17 футбол командасының қатысушылары жиналды.
Турнирдің қорытындысы бойынша: №11 өрт сөндіру бөлімінің командасы табанды күресте жеңімпаз атанды. Екінші орында Балқаш қаласының № 5 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің футболшылары жеңді. № 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі үшінші орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.