Қарағанды облысындағы дауыл туралы ақпарат

Қарағанды облысындағы дауыл туралы ақпарат

12 шілде сағат 16:30-да Қарағанды облысында екпіні 20 м/с асатын күшті желдің салдарынан ғимараттар мен құрылыстардың шатырлары бұзылып, ағаштар құлап, электр беру желілері үзілді. Әр түрлі нысандардағы шатырдың бұзылуы туралы барлығы 29 хабарлама келіп түскен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, тұрғын үйлердің аулаларында ағаштардың құлауы мен қауіп-қатерінің 45-тен астам фактісі тіркелді. Соның салдарынан 11 жеңіл автокөлік зардап шекті. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Электр беру желілеріндегі апаттардың нәтижесінде 22748 абонент жарықсыз қалды. Барлық елді мекендерде электр жабдықтары қалпына келтірілді.
Қатты желдің салдарынан темір жолдың электрлендірілген учаскелерінің желілері сөндірілді, соның нәтижесінде 7 жолаушы және 8 жүк поездары 30 минуттан 2,5 сағатқа дейін тоқтатылды.
Барлық объектілерде төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстар жедел ұйымдастырылды. Жоюға барлығы 107 адам мен 25 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі