
Балалардың көзімен судағы қауіпсіздік
Бүгін 2024 жылдың 3 шілдесінде Қарағанды облысы ТЖД балалар арасында сурет байқауы өтті. Жас суретшілерге судағы қауіпсіздік туралы өз көзқарастарын бейнелеу ұсынылды.
Конкурстық комиссияны Қазақстанның ізгі ниет елшісі, әлемге әйгілі қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, елдің көрнекті қайраткері - Кәріпбек Телтайұлы Күйіков басқарды.
Іс-шара барысында қатысушылар судағы қауіпсіздік бойынша білім алып, сондай-ақ белгілі суретшінің шеберлік сабағын алды. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды..
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Қарағанды облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қаріпбек Күйіковке зор ризашылығымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, шығармашылық табыс және бар жақсылықты тілейміз!
Құрметпен,
Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамы
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі