Тек алға...

Тек алға...



Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде ҚР “Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы” кубогы үшін 1-ші турнирдің жеңімпазын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 25-28 маусым аралығында Астана қаласында “Құтқарушы” спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында ҚР “Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы” кубогына турнир өтті. Чемпионат екі дисциплинада өтті: шабуыл баспалдақтарымен көтерілу және 100 м. кедергілер жолағын еңсеру.
Турнир қорытындысы бойынша аға өрт сөндіруші-құтқарушы Бауыржан Текенов үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
5-11 қыркүйек аралығында Бауыржан Текенов Харбин қаласында (Қытай Халық Республикасы) өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына қатысады.
Спортшымызға келесі турнирлерде сәттілік пен жетістік, жаңа биіктер, денсаулық және жарқын жеңістер тілейміз!

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі