Қарағанды облысы ТЖД жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысы ТЖД жаңа орынбасары тағайындалды

ТЖД бастығы полковник Мұрат Қатпанов Департаменттің жеке құрамына Қарағанды облысы ТЖД бастығының жаңа орынбасарын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл лауазымға бұрын ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаменті авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы қызметін атқарған Роллан Есмағанбетов тағайындалды.
Ролан Есмағанбетов 1986 жылы 02 маусымда Семей облысында дүниеге келген.

2003 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.