Сүңгуірлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Сүңгуірлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы құтқару станциясының базасында сүңгуірлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсы басталды. Іс-шара 25-05 шілде аралығында өткізіледі.  Барлығы 24 сүңгуір-құтқарушы Астана, Шымкент қалаларының ТЖД,  Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Абай, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Қарағанды облыстарының, Республикалық жедел-құтқару жасағынан және №28237, 68303,52859,20982 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері дайындықтан өтуде.

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының қосымша білім беру факультетімен жұмыс оқу жоспарлары, сүңгуір құтқарушыларды дайындау жоспарлары, сонымен қатар сабақ кестесі дайындалды.

Оқытушы ретінде Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Жетісу, Ұлытау өңірлерінің жедел-құтқару жасағыларының бұрын оқу-жаттығуларға қатысқан тәжірибелі және «Сүңгуірлерді даярлау жөніндегі нұсқаушы» мамандығы бар сүңгуір-құтқарушылары тартылды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлеріне біліктіліктерін арттырып, сертификаттар тапсырылады деп жоспарлануда.