Қарағанды облысы ТЖ департаментімен химиялық және биологиялық инциденттер жөніндегі басқару органдарының штабтық жаттығуы өткізілді

Қарағанды облысы ТЖ департаментімен  химиялық және биологиялық инциденттер жөніндегі басқару органдарының штабтық жаттығуы өткізілді

2024 жылғы 25 маусымда Қарағанды облысының ТЖ Департаменті «Химиялық және биологиялық инциденттер туындаған кезде АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің әрекеттері» тақырыбында штабтық жаттығу өткізілді.

Іс-шара штабтық жаттығу өткізу тәртібін жеткізуден және Қарағанды облысы ТЖ Департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел-қызметтік қызметімен таныстырудан басталды.

Штабтық жаттығу барысында:

- оқу-жаттығу басшылығы оқу-жаттығу жоспары бойынша жалпы жағдайды жеткізілді;

- ұлғайту жоспарына сәйкес кіріспе беру жүргізілді;

- жаттығуға қатысушылар алынған кіріспе бойынша шешімдер дайындады;

- жаттығуға қатысушыларды тыңдау өткізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері оқу-жаттығу барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша міндеттерді анықтады.

Оқу-жаттығуға қатысушылар штабтық жаттығуды ұйымдастырғаны үшін Қарағанды облысының ТЖ департаментіне алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі