24 маусымда Қарағанды облысының ТЖД-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ақылбек Ахметжанов жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады: "Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін негізгі құрылымдардың бірі. Оған қоғамдық процестерді ұйымдастыруға және басқаруға байланысты маңызды функционалдық міндеттер жүктеледі. Бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!».
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қарағанды облысының әкімі мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарымен Марина Баймурзина, Лаура Түспаева, Жұпар Дүйсенбекова, Виктория Еремеева және Сая Бакизова марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі