
Нұра ауданының Жанбөбек және Кертенді ауылдарында арнайы және бейімделген өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған өрт сөндіру бекеттері ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеттерінде мотопомпалар, жоғары қысымды аппараттар, өрт сөндіруге арналған түтік құбыр, хлопушкалар, резервуарлар, сөндіруге арналған сөмкелер және т. б. бар.
Бұл бекеттер енді Жанбөбек, Ақолқа, Кертенді және Алғабас елді мекендеріне, сондай-ақ Қарақойын және Қызылтал округтерінің барлық аумағына қызмет көрсетеді.
Ауыл әкімдіктері мен шаруа қожалықтары арасында округ аумағында өрт шыққан жағдайда адамдар мен техниканы тарту туралы меморандумдарға қол қойылды.
Жанбөбек ауылы аудан орталығынан 286 км жерде, Кертінді ауылы 40 км жерде орналасқан.
Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі жоқ шалғай елді мекендерде, өрт сөндіру бекеттері жарақаттанғандар мен өрттен келген залалды барынша азайтып, өртке тез ден қоюды қамтамасыз етеді.
Нұра ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен өрт сөндіру тактикасы және өрт-техникалық қару-жарақтарды пайдалану бойынша нұсқаулық және қысқаша оқыту өткізді.
Нұра ауданының ТЖ бөлімі