Қарағанды облысында тұрғын үйде өрт шықты

Қарағанды облысында тұрғын үйде өрт шықты

9 шілде күні сағат 14:29-да өрт сөндірушілер пультіне Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Дубовка кенті, Алабасская көшесі мекен-жайында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалпы ауданы 150 шаршы метрде тұрғын үйдің ағаш шатыры, жиһаз бен киімдер және шаруашылық құрылыстың ағаш құрылымдары жанғаны анықталды.
Сағат 16:40-да өрт сөндірілді.
Өрттің шығу себебі отпен абайсыз болу. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау - Сіздің үйіңіз бен мүліктеріңізді оттан қорғайды!

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі