
Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңінде болған барлық жағдайларды ескере отырып, облыс аумағында инженерлік жұмыстар жоспары қалыптастырылды.
Жоспарда 162 іс-шара көзделген, олардың ішінде өзен арналарын санациялау бойынша 7, елді мекендерде қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту бойынша 51 іс-шара, автожолдарда су өткізу қабілетін арттыру бойынша 39 іс-шара, арықтарды қалпына келтіру, тазарту, жөндеу, кеңейту, нөсер кәрізі және коллекторлық-дренаждық жүйелер бойынша 23 іс-шара , гидро техникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 16 іс-шара, және 25 т.б іс-шаралар (жобалау сметалық құжаттама әзірлеу, су бекеттерін ашу және т. б.)
Бүгінгі таңда 5,2 шақырымға жуық қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, автомобиль жолдарының 3 учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды. Іс-шараның 162 пунктінің ішінен бүгінгі күні 15-і орындалды, 99-ы іске асырылуда.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде және бақылауда.