"Аман қалу бағыты" Жарысы

"Аман қалу бағыты" Жарысы

2024 жылғы 12-14 маусым аралығында Қарағанды қаласында "Аман қалу бағыты" құтқару көпсайысы бойынша жарыс өтті.
Жарысқа жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және төтенше жағдайларда қорғау мамандығы бойынша оқитын Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты.
Қатысушылар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде көмекке келу қабілетімен өзара жарысты. Қатысушылар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде көмекке келу қабілетімен өзара жарысты. Жарыс шындыққа барынша жақын жағдайда өткізілді. Жарыс құтқару жұмыстары кезіндегі өз дағдыларың, білімдерің көрсетуге және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
* 1 орын - Қарағанды облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының командасы иеленді;
* 2 орын - Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің құрама командасы иеленді;
* 3 орын — ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің командасы иеленді;
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктар мен медальдармен марапатталды. Жарыстың барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі