
Үш ер адам мен бір әйел теңіз деңгейінен шамамен 200 м биіктікке тауға шығып, өз бетімен қайтып түсе алмаған. Қарқаралы өңірінің құтқарушылары тез арада көмекке келді. Шыңға көтеріліп, туристерге түсуге көмек көрсетті. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
ҚО ТЖД тауда жүрген туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.
Тауда адасып қалсаңыз, 112, 101 немесе 8(7212) 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі