"101" нөміріне Қарағанды қ. Степной-3 шағын ауданында 2018 жылғы бала пәтерде жабылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетті. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар пәтер есігін ашты. Баланың жағдайы жақсы.
Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары үйде кішкентай балалар, қарт адамдар бар болса, есікке ысырма мен шаппа қоймауын еске салады. Сондай-ақ кілттің орнына айналмалы элементі бар құлыптарды, автоматты түрде жабылатын құлыптарды және т.б. пайдалану ұсынылмайды. Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз, тіпті сіз аз уақытқа кетіп қалсаңыз да.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі