Қарағанды облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды

Қарағанды облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды ​​облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов сөз сөйледі. Ол «Қазгидрометтің» мәліметінше, биыл жаз ыстық болатынын атап өтті.

Жыл сайын су қоймаларында оқыс оқиғалардың ең көп саны Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарында, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау қалаларында, ал ең аз Балқаш және Приозерск, Шахтинск, Саран, Қарқаралы және Шет аудандарында.

2023 жылы суға шомылу маусымында 16 адам суға батып кетті, оның ішінде бір кәмелеттік жасқа толмаған бала, 12 адам құтқарылды. Барлық жағдайлар тиым салынған суға түсу аймақтарында орын алған.

Жазғы кезеңде облыс аумағында 89 орын жабдықталған, онда суда жаппай демалуға рұқсат етілген, олардың бесеуі коммуналдық жағажайлар. Екеуі Қарағандыда, біреуі Теміртауда, екеуі Балқашта орналасқан. Олардан басқа, Қарағанды облысында 83 жеке жағажай бар. Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған 246 орын бар. Бұл жерлерде тыйым салу белгілері орнатылған.

Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқару бөлімшелерінің күштері жоғары дайындық режимінде болады. Бөлімшелер қажетті автомобиль техникасымен және жүзу құралдарымен жабдықталған.

Бұдан басқа, ТЖД жедел-құтқару жасағының базасында құтқарушылар профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 47 құтқарушы-жасақшыларды оқытып, дайындады. Жұмыс жалғасады және тиісінше шомылу маусымы кезінде қоғамдық құтқарушылар саны артады.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсіңіздер;

- жүзу аймағының шектеу белгілерінен тыс жүзбеңіздер;

- бейтаныс жерлерде және мас күйде суға түспеңіздер;

- түнде суға түсуге тыйым салынады;

- балалардың өздігінен суға түсуіне жол бермеңіздер!

Рұқсат етілген жерлерде ғана суға түсіңіздер, тиісінше қажет болған жағдайда сізге кәсіби көмек көрсетіледі.

 

Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!