
Биыл біздің жас елордамыз Нұр-Сұлтан өзінің 22 жылдығын атап өтті. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдаған болатын. Елорданы ресми ауыстыру 1997 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола Астана болып өзгертілді. 2019 жылы 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне қайта атау мақұлданды.
Бүгінде Нұр-Сұлтан еліміздің ұлттық бренді болып табылады.
1999 жылы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің елордамызға медаль және "Бейбітшілік қаласы" жоғары атағын берді. Ол астаналар мен ірі қалалардың халықаралық Ассамблеясы қатарына қабылданды.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерік-жігерімен туған жаңа Астана жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды, жас мемлекеттің тәуелсіздігі мен жаһандық жетістігінің символына айналды.
Қарағанды облысының ТЖД барлық азаматтарды астанамыз Нұр-Сұлтан күнімен құттықтайды және денсаулық, бақ-береке, ашық аспан тілейді.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі