
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы бекеттері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының дайындығына және олардың материалдық-техникалық жарақталуына бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ облыстың табиғатты қорғау мекемелерінің орман өрт сөндіру станцияларының жабдықталуына тексеру жүргізілуде.
Тексеру нәтижелері бойынша аумақ әкімдіктеріне өрт сөндіру құрылымдары мен өрт сөндіру бекеттерін қайта жабдықтау мақсатында қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды алу бойынша ұсыныстар берілді.
Ағымдағы кезеңде Бұқар жырау, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында күштер мен құралдардың дайындығына комиссиялық тексерулер жүргізілді.
Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды