Мерекелік шарада Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік шарада Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шарада су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері – Әділ Әбжанов, Әсем Қалдыбаева, Дамир Сағаттаев, Алексей Ю – облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Қызметкерлерімізді лайықты марапаттарымен және барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Рәміздеріміз әрқашан туған жеріміздің бірлігін, қуаттылығын, сұлулығын еске түсіріп тұрсын. Барша Қазақстан халқына бақыт пен өркендеу тілейміз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі