
3 маусымда Қарағанды облысының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары "Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбы бойынша "ЖЕР-2024"оқу-жаттығуларына қатысты.Оқу-жаттығу аясында "дабыл-1001" сигналы облыстық және жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді.
Оқу-жаттығуларға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай аудандарында жойқын жер сілкінісі болды. Апат аймағындағы жер сілкінісінің салдарын жою үшін Қарағанды облысынан көрші аймаққа күштер мен құралдарды ұсыну қажеттілігі туындады. Осылайша, оқу-жаттығулар аясында Қарағанды облысының күштері әуе арқылы жөнелтілді, төтенше жағдай аймағына автокөлік колонналарымен марш элементтері пысықталды, сондай-ақ теміржол көлігіне инженерлік және арнайы техниканы тиеу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі