Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Қарағанды қаласындағы Оқушылар сарайында «Қауіпсіз жаз» акциясы өтті! Бұл шараға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев қатысты. Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпті және шомылу кезеңдерінде, балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша мінез-құлықтың негізгі ережелері жеткізілді, балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу туралы ақпарат беріліп, Апаттар медицинасы орталығы алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі нақты әрекеттерді көрсетті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі