
ТЖД қызметкерлері Долинка кентіндегі бұрынғы Карлаг әкімшілігінің ғимаратында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды. Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері тоталитаризм жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы айтып, осы тарихи кезеңге байланысты экспозиция нысандарын көрсетті.
ТЖД қызметкерлеріне арналған Экскурсия өте танымдық және қызықты болды. Олар Карлаг туралы, Қазақстан тарихындағы саяси қуғын-сүргіннің тарихи күрделі және сонымен бірге өте маңызды кезеңі туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі