Қарағанды облысының Шет ауданында ЕӨҚҚ мен өрт сөндіру бекеттерінің даындығы тексерілді.

Қарағанды облысының Шет ауданында ЕӨҚҚ мен өрт сөндіру  бекеттерінің даындығы тексерілді.

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың Шет ауданының 4 ауылдық округінің (Нұраталды, Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтері) ерікті өртке қарсы құралымдарының және өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдарын тексеруді жүзеге асырды. Аралау барысында ерікті өртке қарсы құралымдары мен өрт сөндіру бекеттерінің 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындығы, олардың қажетті өрт және арнайы техникасымен, өрт сөндіру жабдықтары және құралдарымен жарақтандырылуы, сондай-ақ жеке құраммен кезекшілікті ұйымдастыруы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша жедел ден қоюды жақсарту және табиғи өрттерді сөндіру бойынша, оның ішінде өрт техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақпен және өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен қосымша жарақтандыру бойынша ұсыныстар берілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі