
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері ауылдық округтер басқармалары мен бөлімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшылық лауазымдарына алғаш тағайындалған тұлғалармен Қарағанды облысы филиалы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен жасалған меморандум шеңберінде жұмыс орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптары және өрт туындаған жағдайда іс-қимылдар еске салынды. Бұдан басқа, шартты өрт ошағына бастапқы өрт сөндіру құралының (ұнтақты өрт сөндіргіш) қолдану тәсілі айқын көрсетілді.
Қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру мақсатында барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі