Облыс аймақтарындағы өрт қауіпті кезеңіне дайындық

Облыс аймақтарындағы өрт қауіпті кезеңіне дайындық

Өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында Төтенше жағдай департаментінің басшылығымен Бұқар-Жырау ауданының аумағын комиссиялық аралау және қарау жүргізілді.

Қарау барысында өрт сөндіру бекеттерінде техниканың болуы мен жарақтандырылуы, сондай-ақ аудан ауылдарының ерікті өртке қарсы құралымдарын өртке қарсы жабдықтармен және киім-кешекпен жарақтандыруы тексерілді. Сонымен қатар, Керней кентіндегі Орман мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша Қарағанды шаруашылығының өрт сөндіру станциясының жарақтандырылуы тексерілді. Ауданда өртті сөндіруге арналған техникамен, рюкзакты өрт сөндіргіштермен және шартықтармен жабдықталған 6 өрт сөндіру бекеті бар.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі