Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауы бойынша алдын алу рейдтері өтті

Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауы бойынша алдын алу рейдтері өтті

Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында 2020 жылы 3 шілдеде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының көшелерінде алдын алу рейдтерін өткізді. Тұрғындармен әңгімелесулер өткізіліп, жаднамалар таратылды.
Жыл басынан бері көпқабатты үйлердің терезесінен 15 бала құлап, өкінішке қарай 1 бала қаза тауып, 14 бала ауыр жарақат алды.
Барлық жағдайларда балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға ЕСКЕРТЕДІ, баланың қазіргі уақытта немен айналысатынын үнемі бақылап отырыңыздар.
Ересектердің бақыламауы - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі болып табылады.
Қазір карантин жағдайында кішкентай балаларды қадағалауды күшейту қажет, оларды терезелері ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмау керек.
-бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыздар!
- москит торына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыздар!
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!
-ашық терезенің жанында болу қауіпі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі