«QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясы ұйымдастырған жиынға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері қатысты.
Компания кеңсесінде өткен кездесу қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Талқылаудың негізгі тақырыбы компания жұмыс істейтін өңірлерде халықтың табиғи газды пайдалануы және қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары болды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және болуы мүмкін төтенше жағдайларды жедел жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясының басшылығы мен негізгі бөлімшелерінің басшылары газ тарату жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпаратты ұсынды.
Жиын соңында газ реттеу пунктінің (ГРП) жұмысын көрсетіп, таныстырылды.
Кездесу төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын азайтудың негізгі факторы болып табылатын қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылының маңыздылығын көрсетті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі