Қарағанды облысындағы судағы қауіпсіздік сабағы

Қарағанды облысындағы судағы қауіпсіздік сабағы

Жаз, күн шуағы , демалыс және су. Бұл ұғымдар ыстық маусымның басталуымен әр адам үшін ең қажет және біреу үшін бір-бірінен ажырамас құбылыс болуы мүмкін.  Алайда, көптен күткен демалыс қарсаңында оның негізгі құрамдас бөлігі - қауіпсіздік туралы бәрі бірдей еске түсіре бермейді.  Су объектілеріндегі мінез-құлық ережелерін елемеу көбінесе жазатайым оқиғаларға, кейде қайғылы жағдайларға әкеледі.

Қарапайым ережелерді сақтай отырып, қиындықтар мен күтпеген жазатайым оқиғаладаран аулақ болу оңай.

Қарағанды қаласының орталық саябағында «Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы» РММ құтқарушылары «Евразия»  бірінші арнасында «Суға шомылу маусымы кезіндегі мінез-құлық» тақырыбында «Қауіпсіздік сабақтары» телебағдарламалар циклі аясында №93 мектеп-гимназия оқушыларымен сабақ өткізді. Сабақ барысында балаларға судағы мінез-құлықтың негізгі ережелері, атап айтқанда суда апатқа ұшыраған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі айтылды. Іс жүзінде суға батып бара жатқан адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігі көрсетілген. Суда құтқару құралдарын қолдану тәсілдері, құтқару шеңбері, құтқару кеудешесі туралы түсіндірді.

Судағы қауіпсіздігі көптеген жағдайларда сізге байланысты!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі