
Бүгін таңертең Абай ауданы Абай қаласының Ермеков көшесіндегі пәтерге жылан кіріп кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жатын бөлмесіндегі шкафтың астынан қара дақтары бар сұр жыланды алып шықты, кейін ол қала сыртындағы далаға жіберілді.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі