
30 маусым сағат 18: 30-да Теміртау қаласы, Аққұдық станциясының ауданында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ 14 техникалық арнасында 1973 жылы туған ер адам суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. 4 адамнан тұратын ЖҚЖ құтқарушылар тобы сүңгуір-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына шықты. Болжанған ТЖ орнындағы іздеу жұмыстары нәтижесіз болды. Сағат 21:10-да ауа райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылды.
1 шілдеде құтқарушылар тобы сүңгуір-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қайтадан шықты, бірақ нәтижесіз.
Суға кеткен адамды 2 шілде күні сағат 17:30-да Теміртау қ.СП құтқарушыларымен бірге сүңгуір-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері тапты. Денені суға батқан жерден 3 шақырым төмен қарай тауып алған.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз! Су көптеген қауіптерді жасырады!
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі