Балқаш қаласының түсті металдарды өңдеу зауыты аумағында өрт сөндірілді

Балқаш қаласының түсті металдарды өңдеу зауыты аумағында өрт сөндірілді

2 шілде сағат 12:10-да Балқаш қаласы, "Түсті металдарды өңдеу зауыты" АҚ аумағында, №7 жеке илемдеу цехында өрт шықты. Төгілген трансформаторлық май, трансформаторлық қосалқы станцияның жанатын бөліктері мен шатырдың 55 ш.м. жануы орын алды. Өртті сөндіруге Балқаш қаласының 5-МӨСБ жеке құрамынан 3 бірлік техника мен 8 адам, "Өрт Сөндіруші" АҚФ және КЖТТ жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі