Қарағанды облысында шомылу маусымына дайындық басталды

Қарағанды облысында шомылу маусымына дайындық басталды

Қарағанды ​​облысы әкімдігінде «Суға шомылу маусымына дайындық» тақырыбында штаб отырысы өтті.

Төтенше жағдайлар департаменті 1 мамырдан бастап халықпен ауқымды профилактикалық жұмыстарды бастады. Өткен мерзімде ішкі істер органдарымен бірлескен 206 рейд жүргізіліп, облыстың су айдындарында 925 патрульдік іс-шара жүргізіліп, тұрғындармен суда өзін-өзі ұстау ережелері жазылған парақшалар ұсына отырып, 11 мыңға жуық профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.

Осы ретте «Қауіпсіз жаз» акциясы басталып, балалар мен ересектерге үйдегі және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері нақты көрсетілді. Акцияға барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты.

Суға түсу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыстың су қоймаларында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін департамент бөлімшелері 96 адамнан тұратын 10 мобильді топ, 20 бірлік жабдықтар мен 25 жүзу құралдары жасақталды.

2020 жылдан бастап су қоймаларының қауіпті аймақтарында 1194 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды, оның ішінде 2023 жылы 423 белгі орнатылады, қалалар мен аудандардың әкімдіктері тағы да 110 ескерту белгісін орнатуды жоспарлап отыр.

Жалпы, облыста тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары облыстың су қоймаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын ала бекітілген Жоспарға сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі