
Бүгін сағат 11-37 де Ботақара кентінде Бұқар жырау көшесіне жақын жерде жалпы ауданы 1 шаршы метр аумақта «Volkswagen Passat В3» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде жанғыш бөлшектердің жануы орын алды.
Өрт 11-46-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті ескертеді!
Автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыздар:
- Автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз!
- Отын және электр жүйесінің дұрыстығын қадағалаңыздар!
- Әрқашан оңай қол жетімді жерде өрт сөндіргіш сақтаңыз!
- Қыста мұздатылған бөлшектерді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз!
- Көлікте темекі шекпеңіз!
- Қауіпті жүкті тасымалдау кезінде өте сақ болыңыз!
Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!
Ықтимал өрттердің кез келген алғышарттары бойынша Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші 112 немесе 433636, 433737 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі