Жанаарқа ауданында табиғи өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жанаарқа ауданында табиғи өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Биылғы жылы ауданымызда 6 дала өрті оқиғасы тіркелді. Жаз мезгілі дәнді дақылдар егу мен шөп шабу маусымы болғандықтан дала өртінен сақ болу керек. Ал дала өрті егін алқаптары мен шабындық жерлерге жетсе, өте үлкен шығындар әкелетіні бәрімізге мәлім.
Осы мәселелерге байланысты 01.07.2020 ж. Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты және «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен Қараағаш ауылдық округінде орман шаруашылығының аумағында орналасқан шаруа қожалықтарына табиғи өрттердің алдын алу және оны сөндіру бойынша рейдттік жұмыстар жүргізілді.
Рейдтік іс-шара барысында шаруа қожалықтарымен егін егу және жинау, шөп жинау науқанында өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріліп, сонымен қатар ұшқын сондіргіштердің ақаусыздығы, минералды жолақтар, өрт сөндіргіш құралдары тексеріліп сол құралдардың болуы міндеттелді.
Табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру шаралары барлығымызға ортақ негізгі жұмыстардың бірі болып қала бермек.


Жаңаарқа ауданының ТЖБ-нің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерденбай Е.К.