
20 мамырда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде департамент басшысы Мұрат Қатпановтың төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Күн тәртібінде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның бөлімшелерінің 2024 жылдың 4 ай аралығындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары, сондай-ақ тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі мәселелері қаралды.
2024 жылдың 4 ай ішінде ғана төтенше жағдайларды жою бөлімшелері төтенше жағдайларды жою бойынша 2199 жедел құтқару жұмыстарына шықты, оның барысында 753 адам құтқарылды, 3602 адам эвакуацияланды, 2 зардап шеккенге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.
Қыс мезгілінде мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері 1131 рейдтік және патрульдік іс-шаралар өткізіп, оның барысында 11 мыңға жуық халықты қамтыған нұсқаулық өткізді.
Сонымен қатар, 1 мамырда «Қауіпсіз жаз» акциясы басталып, ересектер мен балаларға үйдегі және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері көрсетілді. Акцияға барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында облыста 2024 жылдың басынан бері ауқымды профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілді. Суөткізгіштер мен көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерді қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, өңірлерде тұрғындармен жиындар өткізіліп, рейдтер ұйымдастырылды. Облыстың су айдындарындағы мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Нұра және Осакаров ауданындағы Құндызды және Сабырқожа өзенінің 12 учаскесінде жалпы ауданы 17865 шаршы метрде облыс өзендерінде мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда облыста 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық басталды.
Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңінде болған барлық жағдайларды ескере отырып, облыс аумағында инженерлік жұмыстардың облыстық жоспары құрылды.
Облыстық жоспарға 161 іс-шара енгізілген, олардың ішінде өзен арналарын санациялау бойынша 7, Қорғаныс біліктерін орнату және нығайту бойынша 51, су өткізу қабілетін арттыру бойынша 40, су бұру жүйелерін тазарту бойынша 25, гидроқұрылыстарды жөндеу бойынша 16 және басқа да іс-шаралар 22.
Инженерлік жұмыс жоспары бойынша 161 іс-шараның 11 пунктін жүзеге асыру басталып кетті, бүгінгі күні оның 4-і орындалды.
Есепті кезеңде облыста 156 өрт орын алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға төмен (178 өрт). Өрт салдарынан 16 адам қаза тауып, 9 адам зардап шекті. Өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, отқа абайсыз қарау және тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.
Өрттерді алдын алу, қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру және материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 4 айында төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері тұрғын үй секторында 51 мыңнан астам үй-үйді аралап, 185 мың адамды қамти отырып тексеріс жүргізді. Тұрғындармен 304 жиын өткізіліп, 7 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде.
Қарағанды облысында тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол бермеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері 27 рейд ұйымдастырылып, оның 5-і полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Мемлекеттік қызметті атқарумен үйлеспейтін қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Отырыс қорытындысы бойынша қызметті жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы алдағы өрт және суға түсу маусымдарын қауіпсіз өткізу шараларына баса назар аударуды тапсырды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі