Қарағандыда кішкентай қыз терезеден құлап кетті

Қарағандыда кішкентай қыз терезеден құлап кетті

30 маусым сағат 21:34-те Қарағанды қаласының Кривогуза көшесінде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар қыз абайсызда 2-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап түсті. Бала емханаға жатқызылды.
Бұл жыл басынан бері Қарағанды облысында тіркелген 14-ші оқиға.
Қарағанды облысының ТЖД балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыздар!
- москит торына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыздар!
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!
- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі