Қарағандыда биіктігі 2 қабаттай болатын ғимараттан ұл бала құлап түсті

Қарағандыда биіктігі 2 қабаттай болатын ғимараттан ұл бала құлап түсті

29 маусым сағат 20:20-да Балқаш қаласы, Чайковский көшесінің жанында 2014 жылғы ұл бала биіктігі 2 қабаттай болатын жеке ғимараттан құлап түсті. Оқиға ойын барысында орын алған. Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа-ауыр деңгейде.
ТЖД қызметкерлері ескертеді. Есте сақтап, балаңызға түсіндіріңіз:
- Қауіпті жерлерде баланың қолынан ұстаңыз;
- Балаңызға құрылыс нысандарында ойнау қауіпті екенін түсіндіріңіз;
- Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз;
- Қауіпті нысанға жақындауға болмайды. Нысанның құлау мүмкіндігі бар;
Қараусыз үйлерде болудың зияны бар екендігін балаңызға түсіңдіріңіз. Балаңызды қауіпті жағдайларға тартқысы келетін балаларға «жоқ» деп айтуды үйретіңіз. Мысалы қараусыз қалған құрылыста не болып жатқанын көруге, от жағуға, үйдің шатырына шығуға, жертөлеге түсуге шақыруы мүмкін.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі