Қарағанды облысында табиғи өрттерді алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар.

Қарағанды облысында табиғи өрттерді алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар.

Көктем-жаз кезеңінің басталуымен өрт қаупі де арта түсті.  Қарағанды облысының аумағында ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап өрт қауіпті кезеңі жарияланды.

Табиғи өрттерді алдын алу және оларды жою мақсатында Қарағанды облысы ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы Жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, орман мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізу үшін 128 мобильдік топ құрды, олар өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері 116 рейд, 4756 адамды қамти отырып 237 нұсқама жүргізді.

Үгіт-насихат шараларын өткізу барысында азаматтарға өрт қауіпті кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары жеткізіліп, тақырыптық жадынамалар табысталды.

Қарағанды облысының ТЖД барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі