
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды: 15-16 мамыр аралығында облыс аумағында болуы мүмкін табиғи өрттерді жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Осыған байланысты, “Баршаның назарына!” құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 15 мамырда 12 сағат 55 минутте барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Баршаңызды тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі