
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеу аясында салтанатты іс-шара өтті, оған Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.
ТЖД бастығы Мұрат Катпанов жеке құрамды айтулы мерекелерімен құттықтады.
«Отан қорғаушылар күнін мерекелеу біз үшін ерекше маңызға ие, өйткені біз, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтар мен ел мүдделерін қорғауға дайынбыз.
Департамент қызметкерлері жоғары дайындықтың, жүйелілік пен кәсіби дайындықтың үлгісін көрсетуде. Азаматтық қорғау органдары қатарындағы қызмет аға ұрпақтың ерлік дәстүріне негізделген», - деп атап өтті Мұрат Қасенұлы.
Осы күні ерекше көзге түскен қызметкерлерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді, бірқатар қызметкерлер арнайы атақтарға ие болды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі