
Қарағанды облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл акцияның мақсаты өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру.
Табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтар өз өңірлеріндегі сенбілікке қатысып, туған жердің экологиясын жақсартуға үлес қосты. Акцияның ұраны: «Бірге біз өз елімізді таза ете аламыз!»».
Ағаш отырғызу-бұл сөзбен емес, іс жүзінде Отанға деген сүйіспеншілік білдіретін асыл істердің бірі. Ағаш отырғызу-бұл өмірде артыннан із қалдырудың тамаша мүмкіндігі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі