Жұмыс істемейтін 2 қабатты дүкеннің ғимаратынан 7 жасар бала құтқарылды

Жұмыс істемейтін 2 қабатты дүкеннің ғимаратынан 7 жасар бала құтқарылды

Оқиға 28 маусым Теміртау қаласы, Уәлиханов көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Мерей" дүкенінің ғимаратында болған. Кішкентай бала ересектердің қарауынсыз ашық терезеде орналасқан. ТЖ департаментінің қызметкерлері 2-ші қабаттағы терезеден үш иінді баспалдақтың көмегімен баланы құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ғимарат ішінде одан басқа ешкім болмаған, жағдайы - қанағаттанарлық.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі