
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының орталық саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Көгалдандыру адамзаттың денсаулығы мен жан-жақты эстетикалық, мәдени және экологиялық дамуы үшін қолайлы орта құрудың маңызды және таптырмас бөлігі болып табылады.
Біз «Таза Қазақстан» үшін!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі