Өткен тәулікте облыста үш дала өрті жойылды

Өткен тәулікте облыста үш дала өрті жойылды

     24 Маусымда Жезқазған қ., Сарыкеңгір а/о, Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде 20 га аумақта құрғақ шөп өртенді.

Тағы бір дала өрті Шет ауданында Ағадыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде болды. Өрт бүгін, 25 маусымда сағат 04:00-де ТЖД және ерікті өртке қарсы құрамалар күшімен жойылды.

     24 маусымда сағат 16:03-де Қарқаралы ауданында Томар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде басталған тағы бір өрт 25 маусымда сағат 05: 45-те сөндірілді. Өрттің таралу аумағы 45 га құрады.

Барлық жағдайда құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі