Жезқазғанда 14 жасар бала суға батып кетті

Жезқазғанда 14 жасар бала суға батып кетті

 

        24 маусым күні сағат 18:38-де Жезқазған-Сәтпаев автожолында 2006 жылғы жасөспірім шұңқырдағы суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

       Анықталғандай, 2007 жылы туылған қыз суға құлап түскен. Оның ағасы көмектесу барысында өзі суға батып кеткен. Айқайды естіген куәгерлер көмекке келіп, 2007 жылы туған қызды  құтқарып алды.

       Қарағанды облысы ТЖД сүңгуірлері жағалаудан үш метр қашықтықта ұл баланың денесін тауып алды.

        Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Сонымен қатар, суда балалар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу қажет.