Қарағанды облысында жеке тұрғын үйдегі шаруашылық нысандары өртенді

Қарағанды облысында жеке тұрғын үйдегі  шаруашылық нысандары өртенді

24 маусымда Тюленин көшесі, 21 тұрғын үйінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенде жеке тұрғын үйдегі шаруашылық құрылыстың төбесі мен гараж жанып жатқаны анықталды. Өрт алаңы 70 шаршы метрді құрады.
Өрт салдарынан 1 шаршы метр аумақта көрші тұрғын үйдің шаруашылық құрылыстарының шатыры зақымдалған.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 7 бірлік техника мен 24 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде толығымен сөндірілді.
Өрттің шығу себебі ашық от көзі болды.
Қарағанды облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы ескертеді.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі