Жезқазған қаласында судағы қауіпсіздік тақырыбында билборд орнатылды

Жезқазған қаласында судағы қауіпсіздік тақырыбында билборд орнатылды

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауды насихаттау мақсатында, Жезқазған қаласында сәйкес тақырыпта билборд орнатылды.
Билбордтың негізгі мақсаты – халықтың назарын судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігіне аудару, қайғылы жағдайлардан аулақ болу үшін, оларға немқұрайлы қарамау, өзіңізге және қасыңыздағы адамдарға бейқамдық таңытпау.
Есте сақтаңыз, егер сіз төтенше жағдайға куәгер болсаңыз немесе сізбен қайғылы жағдай орын алса, міндетті түрде құтқару қызметінің «112» нөміріне хабарласыңыз.

Жезқазған қаласы ТЖБ