Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

2020 жылдың 23 маусым күні Бұқар-Жырау ауданының Шешенқара ауылында әкімдік жанынан өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекеттің негізгі көлігі Газ-66 автокөлік базасындағы АЦ-30 өрт сөндіру автокөлігі. Ол өрт сөндіруге арналған негізгі өрт-техникалық қару-жарақпен қамтылған, қосымша 1 өрт сөндіру мотопомпасы бар. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт сөндіруге арналған жауынгерлік киімдерімен және құралдарымен жарақтандырылған.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы және жұмысы 2 жақын орналасқан елді мекенде болған (Шешенқара, Ашшысу станциясы) ауылдағы өрттер мен дала өрттері кезінде шұғыл іс-әрекет етуге, қауіпсіздікті қорғауын жоғарылатады, өрттердегі адам өлімін және жарақат алуларын қысқартады, өрттерді дер кезінде жоюға және өрттен келген шығындарды азайтуға көмектеседі.


Бұқар-Жырау ауданының
ТЖ бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны
В.В.Малышкин