
2020 жылдың 20 маусымында Жезқазған қаласы төтенше жағдайлар Басқармасы қызметкерлері мен Қарағанды облысы ТЖД «ӨС ж/е АҚЖҚ» ММ № 4 өрт сөндіру бөлімі №2 жасағының қызметкерлерімен бірлесе «Здравница» және «Автомобилист» бақшалық қоғамда саяжай тұрғындарына өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында 310 адамды қамтыған насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында қызметкерлермен саяжай тұрғындарына электр желілерін қолдануын, электрқондырғыларды дұрыс пайдалануын, отпен балалардың тентектік жасамауларына ерекше көңіл бөлуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Барлық азаматтарға өрт қауіпті кезеңде саяжайларда негізгі өрт қауіпсіздік ережесі түсіндірілді, сонымен қатар өрт қауіпсіздік тақырыбында жадынамалар таратылды.
Жезқазған қаласы ТЖБ
ЗҚҚАжАҚСБТ бас маманы
азаматтық қорғау капитаны
Д. Бектемісов