
Демалыс күндері, 20-21 маусым Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері 62 шығуды жүзеге асырды, оның 51-і өрт сөндіру бойынша.
20 маусымда сағат 18-39-да Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында "Соберись" моншасындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 250 ш.м. құрайтын бір қабатты сауна ғимаратының ағаш шатыры, едендері, қабырғалары, аралықтары, терезе және есік блоктары өртенді. Өрт сағат 20-31-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Тағы бір өрт 21 маусым сағат 17-03-да Балқаш қаласының Рембаза кентінде "Высоковольтные сети" саяжай қоғамының аумағында орын алды. Оқиға орынында монша, тұрмыстық ғимараттар және жалпы алаңы 200 ш.м. болатын 5 текше метр отын өртенген. Өрт сағат 18-56-да жойылды.
Артынша, сағат 20-43-де Балқаш қаласындағы "Арман" саяжай қоғамының аумағында өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауданы 2 ш.м. болатын жеке тұрған монша шатырының ағаш торлары жанған. Өрт 21-сағат 15 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің негізгі себептері - мұржаның ыстық бетінен болатын жылу әсерлері болып табылады.
Өрт сөндірушілер тұрғындардан үйде мұқият болуға шақырады. Өрт қауіпсіздігі шараларын өзіңіз қадағалап, өзгелерді қырағылыққа шақырыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі