
Республикалық жедел штабтың шешімімен Ақмола облысы Жібек жолы кентінің 6 және 7 шағын шағынаудандарында болуы мүмкін су басу қаупін ескере отырып, Қарағанды облысының ТЖД құрамында 30 адам және 1 бірлік техника Ақмола облысына жіберілді. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша құтқарушылар қаптарды төсеу және үйінді білігін нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі